Ұлттық арнаның «Алтын қорындағы» құнды мұраларды цифрландыру жалғасады
Ұлттық арнаның «Алтын қорын» сақтап қалуға еріктілер де үлес қосты. Қазір бұл құнды мұраларды цифрландыру жалғасып жатыр. Өрт кезінде мұрағаттық жазбалар, түпнұсқадағы бейнеқордың біраз бөлігі жанып кеткен еді. Қалған бейнетаспаларды сақтап, сандық жүйеге көшіру үшін телеарна ұжымы оларды қауіпсіз аумаққа көшіруді бастады. Бұл шаруаға түрлі сала өкілдері мен жастардан құралған еріктілер тобы да қолғабыс етті.
Нұрсұлтан Тілектесов, тілші:Бұлар 60 жылдан астам тарихы бар телеарнаның, қара шаңырақтың «Алтын қорында» сақтаулы тұрған көне таспалар мен құнды құжаттар. Ғимарат өртенген соң телеарна қызметкерлері оларды бірнеше күн қатарынан басқа жерге, яғни, қауіпсіз аумаққа көшіріп жатыр. Міне, бүгін қатарымызға ұлттық құндылықтарымызға бей-жай қарамайтын еріктілер қосылды.
Қазақ телевизиясының тарихына қатысты бүкіл құнды дүние, бағалы мұра осы. Жылдар бойы көздің қарашығындай сақталды. Мұрағат материалдарына қаншылықты зақым келгені әзірге белгісіз. «Алтын қор» үшін алаңдаған еріктілер арна ғимаратына таңсәріден жиналды.
Зейін Шанжархан, студент:Бұл да біз үшін - бір қара шаңырақ. Өйткені өзім журналистика факультетінде оқимын. Бүкіл еліміздің тарихына қатысты дүниелер болған соң соларды сақтауға көмектесуге, аз да болсын қол ұшын созуға келіп отырмыз.
Қуандық Жасұлан, ерікті:Қаламыздағы ерікті студенттер, белсенді жастар болып келіп, қол ұшын созып жатқан жайымыз бар. Бұл дүниелерді сақтап қалуымыз керек. Себебі атадан балаға мирас болады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Осындай қиын кезеңде қол ұшын созған жастардың белсенділігі - көпке үлгі. Мұндай игі істі әріптестеріміз де қолдай кетті.
Толқын Сейдуллақызы, журналист:Қазақтың әдебиетін, мәдениетін, өнерін, спортын көп жылдардан бері насихаттап, соны «Алтын қорға» сақтап, болашақ ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғастыратын үлкен шаңырақ. Сондықтан да біз Ұлттық арнаны қадірлеуіміз, қастерлеу керек.
Алматылық кәсіпкерлер де Ұлттық арнада еңбек етіп жатқан еріктілерге түскі ас әзірлеп, қолдарынан келгенше демеу болды. Ал қауіпсіз аймаққа көшірілген бейнетаспаларды цифрландыру одан ары жалғасады.
Нұрсұлтан Тілектесов
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10