Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 5,7 млрд теңге қарастырылды
Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 5,7 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр. Бұл қаржының 1,1 млрд теңгесі тұрақтандыру қорына тауар сатып алу үшін жұмсалса, қалған қаражат тауар өндірушілерді несиелендіруге бағытталды. Қазір өңірде әлеуметтік маңызы бар азықтың 6 айға жететін қоры жинақталған. Қоймаларда 1 330 тонна ұн, күнбағыс майы, қант, күріш пен макарон өнімдері сақтаулы. Қосымша 800 тонна азық-түлік сатып алу жоспарланып отыр. Облыста арнайы құрылған мониторингтік топтар тауарлардың бағасын бақылап, қымбаттап кетпеуін қатаң қадағалауда.
Бақтияр Сембеков, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының департамент директоры:
Кейбір жерлерде өнімдерінің бағасын түсіруге шешім қабылдады. Мысалы, нан, сұйық май, жұмыртқа, күріш сияқты тауарларға 5-тен 7 процентке дейін бағалары төмендеді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14