Қызылордада 22 адам қамаудан босатылды
Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздіктің ақ-қарасы әлі анықталып жатыр. Бүгінде дүрбелеңде қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген 22 адам сот шешімімен қамаудан босатылды. Әкімшілік тәртіптік шаралардың көбі қысқарып кетті. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы бізбен тікелей байланысқа қосылып тұр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Ойранның ортасында болғанның бәрі жазадан жалтарған жоқ. Полиция 59 қылмыстық іс қозғап, 99 күдікті қамауда отыр. Оларға кісі өлтіру, террорлық акт, қарақшылық, билік өкіліне күш қолдану секілді айып тағылып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сондай-ақ 5-ші қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаладағы мәйітхананың біріне шабуыл жасалып, қанды қақтығыста өлген адамдардың мүрдесі ұрланғанын құзырлы органдар бүгін растады.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Оқиға ізімен қолға түскендерден 3 қару-жарақ, 20-дай күштік құрылымдардың құрылғылары тәркіленген. Сондай-ақ дүрбелеңде 147 автокөлік өртенгені нақтыланды. Соның ішінде, 50-ден аса азамат жеке мүлкіне зақым келгенін айтып арызданған. Мұнан бөлек, полицияның тергеу әрекетіне қатысты 25 шағым түскен. Бұл бойынша ішкі тексеру жүріп жатыр деді тергеу басқармасының бастығы.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15