Шымкентте демеушілер жедел жәрдем қызметіне автокөлік сатып әперді
Демеушілердың қаржылай көмегімен Шымкент қаласының жедел жәрдем көрсету қызметіне жаңа екі автокөлік берілді. Олардың әрқайсысының бағасы 45 миллион теңге.
Көліктердің іші соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құралдармен жабдықталған. Олар цифрлы жүйе арқылы 103 номеріне тікелей қосылған. Сол арқылы шақырту түскен жерге ең жақын бригада жіберіліп, оларға науқас жайлы толық ақпарат беріледі.
Қаңтар оқиғасы кезінде шаһардағы 7 медициналық көлікке зақым келді. Олардың бәрі жөндеуден өтті.
Бақытжан Позилов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 100 автокөлігіміз, 100 бригада бар. Біз оған тағы қосымша бригадалар ашамыз. Жыл соңына дейін 20 бригада ашу жоспарда бар.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14