Қызылорда облысы «жасыл» аймақта: Вирус жұқтырғандар қаншалықты азайды
Қызылорда облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша «жасыл» аймаққа өтті. Өңірде коронавирустың таралуы төмендеп, жағдай тұрақталып келеді.
Вирус жұқтырғандар саны қаншалықты азайды?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қаңтар айында бір тәулікте 200-ден аса адам коронавирусқа шалдықса, қазір бұл көрсеткіш күрт төмендегені байқалады. Мәселен, кеше 38 жағдай тіркелген. Оның көбінде ауру белгілері симптомсыз. Қазір облыстағы ауруханаларда індет жұқтырған 222 науқас ем алуда. Стационарлардағы жүктеме 22 пайызды құрап отыр. Бүгін Сыр өңірі «жасыл» аймаққа өтті. Ал карантиндік талаптар бұған дейін де айтарлықтай жеңілдетілген болатын. Қазір «ASHYQ» бағдарламасымен жұмыс істейтін барлық нысанға уақыт шектеуі алынып тасталды. Алдағы аптада облыста эпидахуалдың тұрақтылығы сақталса, «жасыл» аймақ тәртібіне сай карантиндік шектеу азаяды.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15