Павлодар қаласында тәрбиеші баланы жалаңаштап, суық бөлмеге қамаған
Павлодар қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеші 1 жасар 10 айлық қыз баланы жалаңаш күйінде суық бөлмеге қамап, 42 минут бойы отырғызып қойған. Бұл мәліметті ішкі бейнебақылау жазбасын мұқият қарап шыққан ата-анасы жария қылды. Себебі бір күн бұрын дәл осы бүлдіршіндер тобының тәрбиеленушілері іші өтіп ауырған. Бейнежазба соның себебін білу мақсатында қаралған. Мектепке дейінгі мекеме басшылығы тәрбиеші мен оның көмекшісі жұмыстан қуылғанын мәлімдеді. Оқыс жағдайға қатысты қалалық білім бөлімі мен прокуратура қатар тексеру жүргізіп жатыр.
Елена Данковская, балабақша директоры міндетін атқарушы:
Дәретханадан баланың жалаңаш күйде шыққаны көрініп тұр. Себебі оны жуындырған. Одан кейін киіндірген, киіндірмегені белгісіз. Бірақ оңаша бөлмеде, жападан-жалғыз, ұзақ уақыт отырғаны бейнежазбада сақталған уақыт арқылы дәлелденді. Біздің қызметкерлер бұл кезде басқа бөлмеде болған. Жаға ұстатарлық жағдай әрине.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53