Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтереді - саясаттанушы
«Саяси реформалардың уақыты келді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтереді», - дейді алматылық саясаттанушылар.
Олардың сөзінше, ел Президенті кеше Ұлттық арнаға берген сұхбатында біраз маңызды дүниенің басын ашып айтты. Екінші Президенттік сайлауға қатысу бойынша: «Бұл – Конституцияда жазылған заң, бірақ сайлауға түсер-түспесім белгісіз», - деді Тоқаев. Сарапшылар бұл сөздер оның әділ басшы екенін айқындайды. дейді. Сондай-ақ жаңа саяси реформаларды енгізу кадрлық ауыс-түйіссіз болмайтынын айтып, Мемлекет басшысының осы мәселеге қатысты айтылған пікірін де құптап отыр.
Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
Саяси реформалардың сәтті жүруіне алғышарттар қалыптасты. Біз енді бәрі керемет, өте жақсы болады деп айта алмаймыз. Бірақ, алғышарттар бар. Реформаны жетектеп жүргізетін адам билікке пәлендей қызығушылығым жоқ дейді. Бұл жағымпаздық демеңдер. Менің ойымша бұл таза адамның сөзі.
Мақсат Жақау, саясаттанушы:
Елімізде міндетті түрде ауыс-түйістер болатындығын Президент айқын айтты. Егер жаңа өзгерістерті бастайтын болса сөзсіз жаңа кадрлық құрамды анықтап алу керек. Ол Президент жанындағы жастар резервінен болсын, шет елде жүрген білікті, парасатты азаматтардың қатарынан болсын Президент ел үшін еңбегін адал атқаратын адамдарды шақырып отыр. Бірақ, тәжірибе керек дейді.
Нұрсұлтан Тілектесов
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47
209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды
20.12.2025, 17:44
Кәріз суын тазартатын жоба жүзеге аспай қалды
20.12.2025, 17:40
Нью-Делидің ластанған ауасы су шашу тәсілімен тазартыла бастады
20.12.2025, 17:37
Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
20.12.2025, 17:26