Қошқар ата радиоактивті қалдықтар қоймасын залалсыздандыруға 3 млрд теңге бөлінді
Маңғыстау облысында Қошқар ата радиоактивті қалдықтар қоймасын залалсыздандыру жұмыстарына 3 млрд теңге бөлінді. 900 гектардай жерге құм төселеді. 40-қа тарта жұмысшы мен 30 техника улы көлдің құрғаған бөлігін құммен жауып шықпақ. Еске салайық Қошқар ата көлін залалсыздандыру жұмыстары былтыр басталды. Республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, 270 га аумаққа құм төселген еді. Жұмыс 3 жылда аяқталуы тиіс. Нәтижесінде барлығы 45 шаршы шақырым аумақ залалсыздандырылады. Жобаның жалпы құны - 15 млрд теңге.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біз шамамыз келгенше бюджет нақтыланған кезде тағы да ақша сұрауға жұмыстанамыз. Қошқар атаның айналасында 400 мыңға жуық халық отыр. Ақтау қаласы, Ақшұқыр, Сайын, Мұнайлы ауданы түгел осы жерде отыр. Сондықтан осы радиациялық қалдықтар жатқан жерді тезірек біз уақытында рекультивациядан өткізуміз керек.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53