Талдықорғанда мұғалімді балағаттаған оқушының әрекетіне қатысты іс қозғалды
Талдықорғандағы нөмірі 4 мектептің оқушысы биология сабағында мұғалімге балағат сөздер айтып, дауыс көтере сөйлеген. Осы оқиғадан кейін ұстаз қалалық полиция бөліміне арызданды. 2005 жылы туған оқушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, осы іске байланысты баланың ата анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды.
Алтынай Жұмабекқызы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы:
Енді шешімді Алматы облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды. Өз тарапымыздан педагогтерге деген мұндай қарым-қатынасты, көзқарасты жойып, жолын кесу үшін қатаң шаралар қабылдайтынымызды ескертемін.
Мұғалімді балағаттаған оқушының дөрекі әрекетіне қатысты мектеп басшылығы да жауапкершіліктен құтылмайды. Жасөспірімге психологиялық көмек көрсетіліп, оны есепке қою мәселесі қаралады.
Айшара Байкенженова, мектеп директоры:
Тәрбибе отбасынан басталады. Әр ата ана өз отбасына жауапты. Мынандай жағдайда үлкенге дөрекі сөйлеу, ұлттық тәрбиемізге жат нәрсе. Енді осындай жағдай өз шешімін заң аясында өз шешімін табады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14