«Қаңтар оқиғасы» кезінде дүкен тонаған 4 азамат жазаға кесілді
«Қаңтар оқиғасы» кезінде бұзақылар тобына қосылып, дүкен тонады деп айыпталған түркістандық 4 азамат жазаға кесілді. Олар 6 қаңтарда «Метро» сауда үйінен тауар ұрлаған. Тегін дүниеге құныққаны сонша алдынан кездескен тауарларды талғамай сөмкеге сала берген. Ұрланған заттардың ішінде кондитерлік өнімдерден бастап, көкөніс, энергетикалық сусындар, тіпті әжетхана қағазына дейін бар. 20-21 жас аралығындағы күдіктілер үш тәуліктен соң полицияның қолына түсті. Екеуі колледжд студенті, екеуі ешнәрсемен айналыспай бос жүрген.
Момбек Әмірбеков, Шымкент қаласы Қаратау ауданы сотының судьясы:
Сотталушылар өздеріне тағылған айыпты толық көлемде мойындап, шайы өкініш білдіріп, жәбірленушінің шығынын толық өтеп соған байланысты сот әрқайсысын үш жылдан бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ал оқымайтын сотталғандар қосымша жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14