Қаңтар оқиғасы: Тергеу барысына қоғамдық бақылау күшейтілді
Қаңтар оқиғасында Президенттің табанды шешім қабылдап, қоғамды алаңдатқан мәселелерге ашық та батыл жауап бергені елді бір арнаға тоғыстырды. Ал, құқық қорғау органдарының қылмысты оъективті, жан-жақты тергеп әділ шешім шығарарына көпшілік сенеді. Бас прокуратура құқық қорғаушылармен тығыз байланыс орнатып, тергеуге қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік жасап отыр. Ел ішіне іріткі салып, халықты адастырмақ болғандар тиісті жазасын алуы тиіс, дейді қоғам белсенділері.
Қадыр Әбдірахманов ,Құқық қорғау саласының ардагері:
Ішкі бүлік өте қауіпті. Іштен шыққан жау жаман дейді ғой. Кімнің жау, кімнің қас екенін білмейсің. Ал содырлар өзінің жағдайын айтып, шыққан халықты пайдаланып, сорақы жасап, мемлекетіміздің шайқалтпақшы болды ғой іргетасын.
Ерғазы Қошанбеков, Алматы облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы:
Мынау билікте отырған азаматтардың барлығы тек қана кабинеттік жүйе емес, далаға шығып, елге шығып, елдерменен қоян қолтық жұмыс жасап, бетпе-бет кездескен кезде барлық дүниие айқын болады. Соны тек қана сөзбен ғана емес, іспенен де дәлелдеп жұмыс жасау деген өзімізде бір ой келді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14