Петропавлда апат болған ЖЭО басшылары қамауға алынды
Петропавлда апат болған жылу электр орталығының директоры мен бас инженері қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, 20 наурыз күні алып мұржаның бірі құлаған болатын. Бетон үйіндісінің астында қалып қойған жұмысшының денесін құтқарушылар екі тәуліктен кейін ғана тапты. Іздестіру жұмыстарына басқа өңірлерден мамандар шақыртылды. 38 жастағы әйел жылу орталығында машинист болып істеген. Марқұмның отбасына материалдық көмек беріледі. Қазір жылыту жүйесі қалпына келтірілуде. Апаттан кейін жұмысы тоқтатылған 3 қазандық қайтадан іске қосылды.
Александр Клебанов, «ОАЭК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы:
Неге мұндай жағдай болғанын сараптама анықтайды. Оның өткізілуін Әділет министрлігі қадағалайды. Жалпы кәсіпорынның қазіргі жағдайына жан-жақты баға беріледі. Осы мұржаларды жөндейміз бе, жаңасын салу керек пе? Уақыт оздырмай шешім қабылдау қажет.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53