Петропавлда жарты жыл бұрын жөнделген көпір қайта бүлінді
Петропавлда жарты жыл бұрын жөнделген көпір қайта бүлінді. Былтыр бюджеттен 21 млн теңге бөлініп, қалпына келтірілген еді. Жөндеу жұмыстары 3 айға созылғанымен ақау толық жойылмады. Бұған дейін де бірнеше жыл бұрын 570 млн теңге жұмсалып, бастан-аяқ жаңаланды. Бірақ уақыт ұзамай өткелде пайда болған жарықтар үлкейіп, плиталар бір-бірінен алшақтап кетті.
Бауыржан Дайыров, қала тұрғыны:
Күзде ғана жөнделген көпір. Қыста бәрі жақсы болды. Көктемде қар еріген соң шұрық-тесігі көрініп жатыр. Кесірінен көлік кептелісі болады.
Әсем Айтолла, ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:
Биылғы жылы ешқандай қаражат бөлінбейді, себебі жұмыстардың барлығы кепілдемеге сай жасалады. Ауа райы қалыпқа келгеннен кейін асфальт жабындысы жабылатын болады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15