Алматыда Әл-Фарабидің шығармашылығын талдауға негізделген халықаралық форум басталды
Әл-Фараби және түркі халықтарының рухани дәстүрлері әлем ғалымдары арасында талқыға түсті. Алматыда ұлы тұлғаның шығармашылығын талдауға негізделген халықаралық форум басталды. Жиында ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасын пайдалана отырып, ғылымға тың серпін беру жолдары қарастырылды.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, сондай-ақ Америка мен Франция елдерінің ғалымдары Алматыда бас қосты. Мақсат – Әл-Фараби және түркі халықтарының рухани дәстүрлерін талқылау арқылы заманауи диалог пен ынтымақтастықтың жаңа алаңдарын ашу. Бұл – аталған елдер мен Қазақстанның арасындағы байланысты нығайту. Бірігіп ғылымға жаңа серпін беру. Халықаралық форум қатысушылары «Әл-Фараби түркіге ғана емес, әлемге ортақ тұлға», – дейді.
Жақыпбек Алтаев, философия ғылымдарының докторы, профессор:
Әл-Фарабиді бренд ретінде қалыптастыруымыз керек. Себебі мұндай тұлғаға жеткен де, жетпеген де бар. Біз Әл-Фарабиді қаншалықты биікке көтерсек, соншалықты түркі халықтарын, өзімізді әлемге паш ете аламыз.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Айта кету керек, бұл – дәстүрлі форум. Бірақ биылғысы ерекше. Өйткені осыдан бірнеше жыл бұрын жарық көрген Әл-Фарабидің трактаттары енгізілген 7 томдық кітабы форум қатысушыларына сыйға тартылады. Бұл ұлы ойшылдың еңбектерін дәріптеуге, әлемдік деңгейде насихаттауға сеп болмақ.Форум екі күнге жоспарланған. Бүгін ғалымдардың қатысуымен жиын өтсе, 5 сәуір күні қаладағы ЖОО-ның студенттері арасында «Фарабитану» бағыты бойынша сайыс өтеді.
Нұрсұлтан Тілектесов
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47
209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды
20.12.2025, 17:44
Кәріз суын тазартатын жоба жүзеге аспай қалды
20.12.2025, 17:40
Нью-Делидің ластанған ауасы су шашу тәсілімен тазартыла бастады
20.12.2025, 17:37
Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
20.12.2025, 17:26