Экологтар Ертіс өзенін тексереді
Ертіс өзені толық тексеріледі. Экологтар судан сынама алғанын хабарлады. Еске салайық. 2 күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы рельстен шығып, кен тиеген 6 вагон Ертіске құлаған. Осыдан соң аймақтағы экологтар табиғат қорғау прокуратурасы тексеруді бастады.
Олжас Керейхан, тілші:Иә осы уақытқа дейін анықталған ақпарат бойынша 18 вагон релстен шығып, Ертіс өзеніне алты вагон аударылған. Оның бесуі шлак, енді бірі кен тиегені белгілі болды. Ал ол қандай кеннің түрі екені әлі айтылмайды. Төгілген кеннен ауаға, суға топыраққа зиян келе ме, жоқ па ол зертханалық тексерудің қорытындысынан соң анықталмақ. Қазір темір жол желісінде болған осы апатқа қатысты ведмстворалық комиссия құрылып тексеруді бастады.Рельстен шыққан осы 18 вагонның 16-сы «ҚазцинкТемірТранс» деген компанияға тиесілі. Екі вагон Ресейдікі екені белгілі болды. Темір жол апаты «Өскемен-Күмістау» учаскесінде болған. Бұл Алтай ауданына қарасты аумақ. Мамандар жүк пойызы шамамен сағатына 37 шақырым жылдамдықпен жүргенін хабарлады. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Апаттың нақты себеп салдарын комиссия анықтайтын болады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15