Алматы облысында қуаттылығы 60 МВт болатын жаңа жел электр станциясы салынады
Алматы облысында қуаттылығы 60 МВт болатын жаңа жел электр станциясы салынады. Станция жылына 230 млн кВт электр қуатын өндіреді. Бұл облыстағы зиянды газдар қалдықтарын 206 мың тоннаға азайтуға және 89 мың тонна көгілдір отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Нысан Еңбекші қазақ ауданындағы Шелек елде мекенінде салынуда. Жоба құны 37 млрд теңге. Аталған аумақта 24 жел генераторы бой көтереді. Қазір он үшіншісінің құрылысы аяқталуға жақын.
Алмат Қабыкенов , Қазақстанның жаңартылған энергетика қауымдастығының басшысы:
2030 жылға дейін еліміздегі жаңартылған энергетиканың үлесі 30 процентке жетуі керек. Қазір ол тек 3%. Биыл 10 бірдей жел электр станциясы қолданысқа беріледі. Солардың бірі осы Шелек дәлізіндегі нысан. Ол тамыз айында ашылады. Жел энергетикалық қондырғыларының артықшылығы олар қоршаған ортаны ластамайды, аса қатты күтімді қажет етпейді. Сонымен қатар 15 жыл мүлтіксіз жұмыс істейді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08