«Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі егіншілер» атты ғылыми еңбек жарық көрді
«Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі егіншілер» атты ғылыми еңбек жарық көрді. Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдары жазған туындыға Шірікрабат мәдениетінің ескерткіштеріне жүргізілген археологиялық қазба-зерттеу жұмыстарының нәтижелері енген. Құнды кітаптың таныстырылымына еліміздің және Орталық Азияның археология саласындағы көрнекті ғалымдары қатысты.
“Сыр өңірі- тас ғасырынан бастап, кейінгі жаңа заман тарихына тұнып тұрған өлке”-дейді ғалымдар. Аймақтағы ежелгі антикалық қалалардың бірі – Шірікрабат б.з.д. I мыңжылдықтың екінші жартысында гүлдеді. Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан шаһар мәдениеті туралы маңызды мағлұматтар ғылыми басылымға жинақталған.
Жолдасбек Құрманқұлов, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты:
Біздің зерттеген жерлеріміз Сырдың төменгі ағысы.Сырдың өзі кезінде төрт арнадан тұрған. Ең көне арнасы Іңкәрдария. Міне, сол өте көне заманғы арналардың бойында біз зерттеген көне заманғы осыдан мың жарым, екі мың жыл бұрынғы халықтардың жерленген орындары, олардың қандай адам болғандығын, сол зерттеп жазған, дүиеге келген еңбек болады.
Авторлардың айтуынша, зерттеу барысында саз, құм және сабан қоспасынан иленген қыш кірпіштерінің арасынан дәндердің көп түрлері табылыпты, яғни, сол кезеңде Сыр өңірі қала мәдениетімен қатар, егін шаруашылығы дамыған өркениет орталығы болғанын айғақтайды.
Жанболат Утубаев, Археология институтының бөлім жетекшісі:
Бәріміз қазақтың тарихына жанашырмыз ғой.сол үшінде зерттеп жүрміз.Келешек ұрпақ соны білсін,көрсін барымызды салып жатырмыз. Тек телевидение емес,оны кітапқа да шығарып көрсету,дакументальный фильм болсын соны көрсете білу, артымызға қалдыру оқулық кітаптарға,осы біз шығарып жатқан еңбектеріміздің ішінен алып қысқаша да болса мәліметтер толықтырылады.
Ғалымдардың сөзінше, соңғы зерттеулер Шірікрабат ескерткішін қала емес, патша көсемдерін, абыздарды, жауынгерлерді жерлеген ғұрыптық орын болғандығын дәлелдеп отыр. Ал Бәбіш мола қалашығынан жалпы көлемі 1,5 га болатын, Орта Азиядағы алғашқы қыш өндірісі саналған қоныс табылған. Тарихымызға қатысты осындай тың деректер ғылыми еңбекке топтастырылған.
Нұрсұлтан Тілектесов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы