Шығыстағы Үбі өзені тасыды: ауыл тұрғындары шұғыл көшірілген
Шығыстағы Бородулиха ауданында Үбі өзені тасып, сол маңдағы ауыл тұрғындары шұғыл көшірілді.
Олжас Керейхан, тілші:Дәл осы сағаттағы мәлімет бойынша Речное ауылы тұрғындарына қауіп жоқ. Дегенмен бастапқыда судың деңгейі жарты метрге дейін көтерілген. Құтқарушылар соңғы екі тәулікте 36 адам мен 50-ге жуық малды қауіпсіз жерге көшірді. Үйін су алған тұрғындар сол ауылдағы туыстарының үйіне орналастырылды. Құтқару жұмысына Төтенше жағдай департаменті жеке құрамынан 69, ал аудан әкімдігінен 20 маман жұмылдырылды. Барлығы 8 үйге кірген суды 11 мотопомпамен сорғызып жатыр. Қазір судың деңгейі түсіп, қауіп сейілді. Кейбір аулаларда ғана су бар.Үбі өзенінің дәл ауылдың тұсынан өтетін сағасына мұз кептеліп арнасынан асып кеткен. Мамандар тікұшақпен шолып шығып, мұзды жарды. Осыдан соң өзен арнасына түсіп, ауылға жайылған судың деңгейі де төмендеді.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18