Шымкенттік жігіт аттракциондағы құздан құлап түсті
Аттракциондағы жасанды құзға өрмелеген шымкенттік жігіт денесін игере алмай, биіктен құлап түсті. Қайғылы оқиға кешкі сағат 8:30 шамасында болған. Альпинистік қабілетін байқап көрмек болған 20 жастағы азамат 4-5 метр биіктіктен тайып кеткен. Ол ес-түссіз күйде бірден жедел жәрдем қызметінің көлігімен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, бас сүйегі зақымданған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Осы оқиғаға байланысты аттракцион жұмысы тоқтатылды. Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізуде. Тұтынушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету бабы бойынша іс қозғалды.
Лаура Нақыпқызы, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Дәрігерлер науқасты тексеру кезінде бас сүйегінің жарақаттанғанын анықтап, шұғыл түрде ота жасады. Қазір науқастың жағдайы ауыр. Есін білмейді. Жансақтау бөлімінде комада жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14