Петропавлда саяжай кооперативтері өртенді
Петропавлда саяжай кооперативінен алапат өрт шығып, бірнеше үй жанып кеткен.
Эльмира Кәленова, тілші:Өрт кеше кешқұрым тұтанып, қатты желдің әсерінен тез таралған. Барлығы 5 саяжай кооперативін жалын шарпып, жалпы аумағы 10 гектар жер жанып кетті. Өрттің шығуына қурайдың жануы себеп болған.
Марат Сыздықов, өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары:Қатты жел соғып, жұмысқа кедергі келтірді. Саяжай учаскелері бір-біріне жақын орналасқандықтан техника қозғалысы қиындады. Оқиға орнында өрт сөндірушілермен бірге полиция, жедел жәрдем қызметі, жергілікті атқарушы орган өкілдері де келді.
Үйлерді жалын шарпығанымен адам шығыны жайлы мәлімет жоқ. Тұрғындар құтқарылды дейді мамандар. Отты ауыздықтау үшін 70 өрт сөндіруші жұмылдырылып, олар 5 сағат бойы жұмыс істеген. 12 техника тартылған. Қазір шығын көлемі есептелуде.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15