«Пара алды» деп айыпталған Ақтөбе облысының бұрынғы бас экологы жазаға тартылды
Нұржан Аққұл 2020 жылдың сәуір айынан бастап Экология департаментіне жетекшілік еткен еді. Ол былтыр, желтоқсан айында кәсіпкерге «қоршаған ортаға шығатын зиянды заттар мәселесін шешіп беремін» деп уәде берген. Сол көмегі үшін 400 мың теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Өз кінәсін бірден мойындап, ісіне өкінетінін айтқан. Сотта бұл жайт ескеріліп, оған тек айыппұл салынды. Одан бөлек өмір бойы мемлекеттік қызметтерде, жергілікті өзін-өзі басқару орындарында қызмет ету құқығынан айырылды.
Гүлжанар Отарбаева, облыстық соттың баспасөз хатшысы:Сот үкімімен Аққұл қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, пара сомасының 30 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл 12 миллион теңгені құрайды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарулы күштердің үздіктері марапатталды
19.12.2025, 17:40
Көлік және логистика саласының үздіктері анықталды
19.12.2025, 17:39
ҚХА елордалық ерекше балаларды қуантты
19.12.2025, 17:38
Ақтөбе облысында өрт сөндіру бекеті ашылды
19.12.2025, 17:35
СҚО балықшыларына ескерту айтылды
19.12.2025, 17:33
ШҚО-да қар көшкіні жүретін 500-ге жуық аумақ бар
19.12.2025, 17:31
Алыстағы ауыл мектептеріне цифрлық құрылғылар беріледі
19.12.2025, 17:29
Қонаев қаласында медициналық университет салынады
19.12.2025, 17:27