Маңғыстау облысында 20 күн бұрын жоғалған қыз іздестірілуде
Маңғыстау облысында осыдан 20 күн бұрын жоғалып кеткен Айдана Айтаева әлі табылмай жатыр. Іздеу жұмыстарына енді тікұшақ жұмылдырылды.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:Құтқарушылар МИ-8 ұшағымен өткен жұма күні іздеу жұмыстарын жүргізді. Түске таман оларға тағы 5 құтқарушы қосылған. Мамандар Бейнеу ауданының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде, 50 шақырым радиуста ұшып, ойпат жерлерді, шатқалдар мен жартастардың арасын тексеріп шықты. Бірақ өкінішке орай, тексеру жұмыстары нәтиже берген жоқ. 26 жастағы Айдана Айтаева Бейнеу ауданының тұрғыны. Ол 29 наурызда күндіз үйден кетіп, із-түзсіз жоғалған. Полиция қызметкерлері көппәтерлі үйлердің шатырларын, коттедждерді, иесіз және құрылысы аяқталмаған үйлерді, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді де тексеруде. Осы жерде іздеушілер таратқан Айдана Айтиаеваның ерекше белгілерін айта кетейін, бойы 160-165 см, яғни орта бойлы, шашы иығына дейін түскен. Үстіне тізесіне дейін сұр түсті куртка, көк джинс шалбар, қара бәтеңке киген. Ерекше белгілері: сол қолы оң қолына қарағанда қысқа. Егер Айдананы көрген-білгендер болса Бейнеу ауданының полиция бөлімшесіне немесе 102-ге хабарласса болады. Іздеу жұмыстарын біз бақылауда ұстаймыз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15