Шымкентте шенеунікті бопсалаған блогер ұсталды
Шымкентте «мемлекеттік қызметкерден ақша бопсалады» деген күдікпен әлеуметтік желі белсендісі ұсталды. Блогер әкімшілік ғимаратының төбесіндегі жыртылған туды бейнетаспаға түсіріп, оны жариялаймын деп қорқытқан. Және мекеменің жауапты тұлғасынан 500 мың теңге талап етіпті. Егер айтқан соммасын берген жағдайда видеоны таратпауға уәде берген. Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше құқық қорғау органына бопсалаудың құрбаны болған шенеуніктің өзі арызданған. Арнайы операция барысында күдікті ақшаның бір бөлігі, 300 мың теңгені алып жатқан жерінде қолға түсті. Тәртіп сақшылары ақшаны оның «Toyota Сamry» автокөлігінен тәркілеген. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14