Алматы облысындағы ауылдық жерлерде мүгедек балаларға оңалту орталықтары керек
Алматы облысындағы ауылдық жерлерде саңырау балаларды оңалту орталығы жоқ. Сурдо-аудармашы мамандар да жетіспейді. Мүгедек балаларымен тілдесуден қалған ата-аналар арнамызға хабарласып, мұңын шақты. Олардың айтуынша, аталған топқа жататын ересек азаматтардың да жұмысқа орналасуы проблема. Шарасыз жандармен тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тілдесті.
Асылханның ұлы туабітті саңырау. Ым-ишара тілін білмеген соң баламыздың қас-қабағын аңдимыз дейді ол. Бауыр еті перзентімен тілдесу үшін оңалту және бейімдеу орталықтары ашылса дейді.
Бүгінде ауылдарда, тіпті аудан орталықтарының өзінде сурдо-педагогтар жоқ. Салдарынан Жамбыл ауданының өзінде 134 бала замандастарынан артта қалып, білім алу түгілі хат таный алмай жүр. Ашынған ата-аналар ең болмағанда жергілікті саңыраулар қоғамы клубын дамытып, қажетті мамандар тартып берсе екен дейді. Ал, Білім және ғылым министрлігі бұл мәслелені психологиялық-медициналық -педагогикалық консультация қызметін ұйымдастыратын ұйымдар ашу арқылы шешеміз деп отыр.
Ардақ Айтжанова, БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің басқарма басшысы:Қазіргі кезде бізде 86-сы бар. Бірақ, біз оны 125-ке дейін жеткізіп, жеткілікті болатындай жүйеге келтіргіміз келеді. 2025 жылға дейін көбетеміз. Арнайы білім беру жүйесін қалып тастыру арқылы ауылдық жерлерді қамтуға тырысамыз.
Ауылдық жерлерде 3 топтағы мүгедектердің жұмыс табуы қиын. «Ал, мемлекеттен берілетін жәрдемақы дәрі-дермектен артылмайды», - дейді Айнұр Төме.
Айнұр Төме, Жамбыл ауданының тұрғыны:Балаларын асырау үшін еңбек етуге мәжбүр жандарды көп жерде жұмысқа ала бермейді. Өйткені мүгедек адамды еңбекпен қамту үшін міндетті түрде сурдо-аудармашы жалдау керек. Ал, аталған мамандық иелері облыста өте тапшы. Мен өзім аудандағы мүгедектер қоғамдық бірлестігің көмегімен әрең дегенде жұмысқа орналастым.
Осы тұста барлық мәселе оңалту орталығына келіп тіреледі. Егер орталық ашылса, сурдо-педагогтарды да даярлап шығаруға мүмкіндік туады.
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы