Жаңаөзенге ауызсу кестемен беріліп жатыр
Өйткені тіршілік нәрі тапшы. Сондықтан алдағы 4 ай бойы қалаға және маңындағы елдімекендерге су кезекпен беріледі. Тұрғындарға суды үнемдеп пайдаланудан басқа амал жоқ. Сондықтан жасыл желекті тамшылатып суарып, құдыққа су жинап қоюға кеңес береді мамандар. Қазір Жаңаөзенге тәулігіне 26 мың текше метр ауызсу берілуде. Бірақ, тұрғындардың сұранысы 30-32 мың текше метрді құрайды. Қалада ауызсу мәселесінің әзір шешілетін түрі жоқ. Тек Кендірлі демалыс аймағында су тұщыту қондырғысы салынса ғана тапшылық жойылмақ. Бірақ, оның құрылысы қашан басталатыны белгісіз.
Мақсат Сарыбаев, «ӨЗЕНИНВЕСТ» МКК директорының орынбасары:Егер су қоры жеткілікті болып жатса, ары қарай біз тұрғындарға беруге мүдделіміз. Артық суды жинап қоюдың ешқандай несі жоқ. Сондықтан кесте тек мәжбүрлі жағдайда су қорының жеткіліксіздігіне байланысты жасалып отыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15