Шымкентте бас дәрігер пара алғаны үшін сотталды
Шымкенттегі №11 емхананың бұрынғы бас дәрігері Данияр Айтбаев бірнеше рет пара алғаны үшін 7 жылға сотталды. Сондай-ақ медициналық мекеменің кадр мәселесі бойынша инспекторының да жемқорлық әрекеті дәлелденіп, жазаға кесілді. Сот оны айыбын өтеу үшін 8 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Сыбайластар емханадағы жұмыс орнын саудаға салған. Олар 2021 жылдың шілдесі мен қыркүйек айларында невролог дәрігерді жұмысқа қабылдау үшін 300 мың теңге, ал медбикеден 100 мың теңге пара алған. Емхана басшысы мен инспекторды жемқорлық әрекеті үстінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері қолға түсірді. Абай аудандық сотының үкімі бойынша айыпталушылар енді мемлекеттік органдарда қызмет ете алмайды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14