Түркістан облысында 6 ауылды су басты
Түркістан облысында табиғаттың тосын мінезінен тұрғындар түні бойы әбігерге түсті. Нөсер жауыннан Қазығұрт ауданындағы алты бірдей ауыл судың астында қалса, Сарыағашта бұршақ жауып, егістік пен бақшаны баудай түсірді. Аймақтағы ахуалды тікелей байланысқа шыққалы тұрған тішіміз Ғани Қалмахановтан естіп білсек.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Нөсер кезінде сай салаға жиылған су ымырт түсе ауылдарға лап қойған. Сарқырай аққан тасқын Шанақ ауылындағы жекеменшік моншаны бұзып өткен. Оның ішіндегі адамдарды жұрт дер кезінде құтқарып үлгеріпті. Одан бөлек Сарапхана, Қызылқия, Қақпақ, Қарабау және Жіңішке ауылдарындағы тұрғын үйлердің көпшілігінің ауласына дейін су кірген. Тасқынның екпіндете келгені соншалық Сарапхана ауылындағы тойханаға жиылғандар сыртқа шығып үлгермеген. Телефонға түсірілген видеолардан той қонақтарының жан сауғалап, дастархан үстіне шығып кеткенін байқауға болады. Шамасы келгені бір-бірін арқалап, апаттан жаяулатып қашқан. Ауыл тұрғындарының айтуынша 300-ге жуық қой-ешкі суға тұншығып өлген.
Ғани, нөсер соншалықты қатты жауға ба?
Ғани Қалмаханов, тілші:
Кеше кешқұрым Сарыағаш пен Келесте аспанда найзағай ойнап, соңы нөсер-жауынға ұласты. Жаңбырдың құйып жауғаны соншалық айнала ақтүтек боп, 4-5 метр жерден арғысы көрінбей қалған. Қазір апат болған жерлерде арнайы техникалардың көмегімен жиналған суды сорып, ағызып жіберіп жатыр. Жауын басылды. Күн шайдай ашық. Бүгін таңертеңнен шығынды есептеу жұмыстары басталмақ.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13