Петропавлда қамыс өртеніп, жанармай қоймасына қауіп төнді
Петропавлда қамыс өртеніп, жанармай қоймасына қауіп төнді. Қазір өңірдегі тілшіміз Эльмира Кәленова бізбен тікелей байланыста. Эльмира, соңғы кезде теріскейде өрттің жиілеуіне не себеп?
Эльмира Кәленова, тілші:
Өңірде дала өрті көбейді. Мамандардың айтуынша, оған тұрғындардың салғырттығы себеп. Өз беттерінше қурайды өртейтіндер азаймай отыр. Бұл жолы да өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтай алмай, бірнеше сағат әбігерге түсті. Өйткені оттың мұнай қоймасына жетуіне 500 метрдей ғана жер қалды.
Мұрат Сыздықов, ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары:
Жел өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтірді. Батпақты аймақта техника қозғалысы да қиындады. Басты мақсатымыз – отты жанармай қоймасына, жақын маңдағы басқа да өндіріс орындарына жеткізбей сөндіру болды.
Қауіпті аймақта полиция кезекішілік атқарып, қозғалыс шектелді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Тұрғын үйлерге қауіп төнген жоқ. Оттың аумағы 10 гектар жерге жетті. Оқиға орнында 15 техника мен 55 маман жұмыс істеп, өртті сөндіруге айналды.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53