Үшарал әуежайының ұшу алаңы жаңартылып жатыр
Алматы облысы, Үшарал қаласының әуежайының ұшу алаңы жаңартылып жатыр. Енді алдағы уақытта Аэрбас 320, Боинг-757 сынды ірі ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік бар. Күрделі жөндеу жұмыстарына 9,3 млрд теңге қарастырылған. Қазір, ұзындығы 2,7 шақырым, қалыңдығы 52 сантиметрлік бетон құйылып жатыр. 100-ден астам жұмысшы екі ауысыммен еңбек етуде. Ұшу алаңының қауіпсіздік шараларына ерекше мән беріліп, қоршалып, заманауи бейнекамерал орнатылады. Серпінді жоба айдынды Алакөлге шетелден және еліміздің басқа да аумақтарынан туристердің көптеп келуіне жағдай туғызады. Биыл көлге 1 млн-нан астам демалушы келеді, деп жоспарлануда.
Дәурен Құлбеков, зертхана басшысы:
Құрылыс 2021 жылы 1 қыркүйекте басталды. Келісімшарт бойынша 2023 жылы аяқталады. Бірақ біз мерзімнен ерте аяқтауға тырысамыз. Бұл ұшу алаңының ерекшелігі қазіргі заман талабына сай жарық шамдары орнатылған. Ұшақтарды күндіз де, түнде де қабылдай алады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00