Шымкентте 15 жастағы жасөспірім карьердегі суға құлап көз жұмды
Шымкентте 15 жастағы жасөспірім карьердегі суға құлап көз жұмды. Оқушының денесін туыстары мен достары құтқарушы сүңгуірлердің көмегімен әрең тауып алған. Қайғылы оқиға қалай болғанын өңірдегі тілшіміз Ғани Қалмаханнан сұрап білсек.
Ғани Қалмахан, тілші:
Қайғылы оқиға түс кезінде болған. Жасөспірім қасындағы достарымен бірге келе жатып, сүрініп кетіп, құм мен шағал тас алынған карьерге құлап кеткен. Көлшік терең болғандықтан жүзіп шыға алмағанға ұқсайды. Достары да дер кезінде көмек бере алмаған. Шақырту бойынша жедел жеткен құтқарушылар жасағы оның денесін іздеп табуға біраз уақыт жұмсады.
Нұржан Қаракөзов, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:
Судағы іздеу құтқару жұмыстары 18-20 минут жалғасқан. Ары қарай мәйіттің денесі шығарылған соң ата-анасына табысталып, қазіргі таңда Қаратау аудандық полиция департаменті тергеу тексеру жұмысын жүргізуде.
Ғани, корьер қараусыз жатқан аймақ па? Әлде жұмыс істеп тұрған ба?
Ғани Қалмахан, тілші:
Карьер жұмысын тоқтатқанына біраз уақыт болған. «Бірінші Қайтпас» шағынауданындағы бұл аумақтан осы кезге дейін құм мен шағал тас алынған. Осы оқиғадан кейін Төтенше жағдайлар департаменті құзырлы орындарға арнайы тапсырма берді. Бұл аумақ қоршауға алынып, шомылуға тиым салу туралы белгі орнатылмақ. Қайғылы оқиғаның мән-жайын қазір полиция анықтау үстінде. Сот медициналық сараптамасы жүргізіледі. Бұл биыл суда болған алғашқы қайғылы жағдай. Ал былтыр Бадам өзені бойында екі адам суға кетіп, көз жұмған еді.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13