Маңғыстау облысында нөсер жауын жауып, сел жүрді
Маңғыстау облысында кешеден бері нөсер жауын жауып тұр. Салдарынан кей жерлерде сел жүріп, жолда жүру қиындаған. Осы өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы бізбен тікелей байланыста Аягөз, селден ешкім зардар шеккен жоқ па?
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жауын-шашын облыс бойынша кеше түстен кейін басталды. Жаңаөзен қаласында нөсердің қатты болғаны сонша, Рахат ауылының көшесін су шайып кетті. Нөсер жауыннан тас жолдарда жүру қиындаған. Жүргізушілер бір-бірін абай болуға шақырып, бейне жазбалар таратты. Сондай-ақ Қарақия ауданының аумағындағы таудан сел ақты.
Ақтау қаласында жаңбыр қазір де сіркіреп тұр. Тұрғындар мұны жақсылыққа балап жатыр. Себебі, сіркіреп жауған жаңбыр жерге сіңімді болады. Өздеріңіз білесіздер, жуырда 3 мыңнан астам тұрғын жиналып, Жаратқаннан жаңбыр тілеп, тасаттық берген. Синоптиктер бүгін де, ертең де жаңбыр жауып, жел күшейеді, тіпті кей жердерде бұршақ жауады деп болжауда.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15