Текелі қаласында лай көшкіні жүріп, 5 жастағы бала қайтыс болды
Алматы облысының Текелі қаласында лай көшкіні жүріп, бір бала қаза тапты. Оқиға кеше күндіз болған. Табиғи апат салдарынан бірнеше тұрғын үйге зақым келіп, бір баспана толығымен қираған. Төтенше жағдай болған аумақтан тікелей байланысқа Қуаныш Қанатұлы шығып, оқиғаның мән-жайын айтады.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:Толассыз жауған жаңбыр салдарынан таудан лай батпақ көшіп, бірнеше үйдің орнын ойсыратып тастады. Оқиға орнында бес жасар қыз баланың жоғалып кеткені белгілі болды. Төтенше жағдай қызметкерлері төрт сағаттық іздеуден кейін кішкентайдың мүрдесін тапты. Қыздың денесін иісшіл иттің көмегі және құтқарушылардың қырағылының арқасында тапқан. Зардап шеккен бірнеше адам қазір ауруханада. Олармен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.Лай көшкінінен алты үйге зақым келді. Ондағы тұрғындар туған-туыстарын паналаса, кейбірі басқа жерлерге уақытша орналастырылды. Қазіргі таңда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі зардап шеккендер баспанасыз қалмайды деп сендірді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сенат төрағасы Президент Қ.Тоқаевтың Рим папасына жолдаған арнайы хатын табыстады
12.12.2025, 10:24
Сотталғандар жасаған бұйымдар көрмеге қойылды
12.12.2025, 10:23
Қазақтың мәдени мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұра тізіміне енді
12.12.2025, 10:22
Заманауи зертханалар мен инфрақұрылым ғылымды алға жетелейді
12.12.2025, 10:20
Қостанай облысында Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары ұсталды
12.12.2025, 10:19
Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 19 адам құтқарылды
12.12.2025, 10:18
Стамбұл — әлемдегі көлік кептелісі ең көп қала
12.12.2025, 10:17
Қазақстан әйелдер құқығын қорғау бойынша көш бастады
12.12.2025, 10:15