Алматыда букмекерлердің сәнді көліктері сатылымға шықты
Алматыда «Olimp.kz», «Alpha bet» және «Onlybet» букмекерлік кеңселерінің сотталған иелерінің мүліктері сатылымға шығарылды. Мәселен, осы кеңселерде кассаға жауапты болған Марат Жандосовтың BMW икс бес көлігі электрондық сауда порталында 44 млн теңгеге саудаға қойылған. Ал, Майя Жаурованың Rang Rover Sport көлігі 43 млн теңгеге саудаланып отыр. Еске сала кетейін, 2021 жылдың ақпан айында Алматы соты «Olimp.kz», «Alpha bet» және «Onlybet» букмекерлік кеңселерінің иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғаған еді. Нәтижесінде 12 адам жаза арқалады, 10 адам әлі іздеуде. Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық топ мемлекетке 95 млрд теңге шығын келтірген. Оның тек 3,6 млрд теңгесі ғана қазынаға қайтарылды.
Нұрсұлтан Тілектесов
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03