Шымкентте дүлей дауыл соғып, орталық стадионның шатыры ұшып кетті
Шымкентте дүлей дауыл соғып, орталық стадионның шатыры ұшып кетті. Спорт нысанының мінбер жағындағы ғимараттың төбесі желдің екпінімен алаңның ортасына құлады. Ол кезде алаңда Ордабасы мен Ақсу командасы арасында кездесу өтіп жатқан. Жарақат алғандар жоқ. Оқыс жағдайға байланысты ойын кейінге шегерілді. Стадионның шатырын бұған дейін де жел көтеріп, кейін қайта жаңартылған еді. Қазір жағдайға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірнеше сараптама жүргізіліп жатыр. Ал, стадионның шатыры ұшқан кезде оның астында қалған еліміздің туын алып шығуға әрекеттеніп жатқан шымкенттік тұрғынның әрекеті көпшіліктің ризашылығын туғызды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14