Үлкен теннис: Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үлкен теннистен Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінің финалына шықты. Осылайша ол ел спортының тарихында алғаш болып «Үлкен дулыға» бәсекесінің ақтық сынында өнер көрсететін спортшы атанды. Жерлесіміз жартылай финалда 2019 жылғы Уимблдон жеңімпазы Симона Халеппен кездесті. Тәжірибесі мол румыниялық осы кездесуге дейін қарсыластарына бірде-бір сетта ұтылмай, бәрін қоғадай жапырып келген. Дегенмен, азулы Халептің мысы отандасымыздың қарқынын баса алмады. Бірінші кезеңде өте жинақы ойнаған Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Әсіресе, Еленаның бірінші соққылары жойқын болып, ойында 5 эйс жасады. Ал қарсыласы білгенінен жаңылып, 9 рет өз қателігінен ұпай жоғалтты. Осылайша екінші сетте де 6:3 есебі тіркелді. Қазақстандық теннисші алғаш рет Уимблдонның финалына шықты! Енді Елена Рыбакина әлемдік рейтингтің екінші ракеткасы Онс Жабермен чемпиондық атаққа таласады. Қос мықтының ойыны 9 шілде күні өтеді. Еленаны бұл жетістігімен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 17:27
Биыл Алматыға 550 мың түрлі ағаш егеді
06.04.2026, 17:25
«Ауыл аманаты»: БҚО-ға ₸ 14,8 миллиард бөлінген
06.04.2026, 17:22
Алғаш рет изолейцин және лейцин өнімі шығарыла бастады
06.04.2026, 17:20
Алматыда қалдықты құрылыс материалына айналдыратын зауыт ашылды
06.04.2026, 17:17
Жамбылдық жас мамандар жұмысқа конкурссыз қабылдана бастады
06.04.2026, 17:15
Су инфрақұрылымы цифрлық жүйеге көшеді
06.04.2026, 17:12
Қостанай облысы тасқынға толық дайын
06.04.2026, 17:10