Түркістан облысындағы 40-тан астам ауылда әлі күнге дейін медициналық көмек дұрыс көрсетілмей келеді
Түркістан облысындағы 40-тан астам ауылда әлі күнге дейін медициналық көмек дұрыс көрсетілмей келеді. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары дәрігерге қаралу үшін жүздеген шақырым жол жүріп, орталықа сабылуға мәжбүр. Мемлекет басшысы үкімет отырысында осы мәселені көтеріп, «ауылдық медицинаны қайта жаңғырту» ұлттық жобасын қолға алуды тапсырды.
Сейілкүл апаның жасы ұлғайған сайын ауру-сырқауы да көбейіп барады. Қан қысымы жоғары еді, былтыр оған сусамыр қосылды. Дерті дендегенде дәрігерге көріну үшін он шақырымнан астам жердегі орталыққа баруға мәжбүр.
Сейілкүл Әбіш, ауыл тұрғыны:
Үйде жатамыз бүк түсіп, Азғантай дәріміз 2-3 айға беріп еді. Таусылды. Енді соның соңынан тағы жүреміз. Сол үшін мына жерден мед. пункт болса, күндізгі стационар болса. Күннің ыстығында ары-бері шауып жүре берген оңай дейсіз бе?
Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы ауыл-аймақтардың 60 пайызы сапалы медициналық қызметке зәру. Алдағы үш жылда барлық ауылдарға фельдшерлік акушерлік пунк және дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр. Биыл жыл соңына дейін 6 ауданның оннан астам ауылында медицина мекемесі ашылғалы отыр. Бұл елді мекендерде 8 мыңнан астам адам тіршілік етеді.
Алтын Досанова, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары:
Ағымдағы жылы Түркістан облысында 11 медициналық пункт тапсырылады. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 4 ФАП құрылысы жүргізілуде.
«Ауылдық медицинаны жаңғырту» жобасы еліміз бойынша 650 елді мекенді қамтитын болады. Бағдарлама аясында 32 аудандық аурухананың жағдайы жақсарып, көпсалалы медицина мекемесіне айналады. Шұғыл медициналық көмек көрсету қашықтығы 500 ден 200 шақырымға қысқарады. Мемлекет басшысы үкіметке алдағы қыркүйек айынан қалдырмай ұлттық жобаны жүзеге асыруға кірісуді тапсырды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13