Өскеменде жанар-жағармай бекетіндегі жарылыстан бір адам көз жұмды
Өскеменде жанар-жағармай бекетіндегі жарылыстан бір адам көз жұмып, 13 жастағы бала ауыр халде аурухана түсті
Олжас Керейхан, тілші:
Жарылыстан зардап шеккен бала әлі аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің қанша пайызы күйгені әзірше белгісіз. Дәрігерлер әлі халі мүшкіл деп отыр. Ал оқыс оқиға бүгін таңертең қаладағы ең ірі өндіріс ошақтары шоғырланған шағын аудандағы жанармай бекетінде болған. Кәуегерлердің айтуынша жанармай құятын бөшкелерді тазалау кезінде газды ауа қоспасы жарылған. Сол сәтте 42 жастағы азамат резервуардың ішінде болған. Газды дүмпуден ол сол жерде тіл тартпастан көз жұмды. Ал жанындағы 13 жастағы баланы күйік шалған.
Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
13 жастағы бала қайтыс болған азаматқа көмектесуге келген болу керек. Енді осы оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады. Барлық болжамдар тексеріледі.
Олжас Керейхан, тілші:
Жанармай бекетінде жөндеу жұмысымен нақты қанша адам айналысқаны туралы ақпарат жоқ. Әзірше көз жұмған азамат пен зардап шеккен бала туралы ғана айтылып жатыр. Күйік шалған жасөспірім жарылыстан қаза тапқан азаматтың баласы немесе жақын туысы деген болжам бар. Ал жарылыстың себеп салдарын анықтау үшін полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу-тексеру басталды.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18