Алматыда заңсыз салынып жатқан тағы бір тұрғын үй кешені бұзылады
Алматыда заңсыз салынып жатқан тағы бір тұрғын үй кешені бұзылады.
Наурызбай ауданында орналасқан үйді сүру туралы сот үкімі шықты. Енді оның заңды түрде күшіне енгенін күтіп отырмыз дейді, қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары. Тексеріс барысында нысанның сметалық құжаттары сараптамадан өтпегені белгілі болды.
Дәурен Тұрсынбеков, қала құрылысын бақылау басқармасының бас маманы:
Құжаттарымыз авторлық және техникалық қадағалусыз құрылыс монтаждау жұмысының басталуы туралы хабарламасыз жүргізілгені анықталды. Жол берген заңбұзушылық үшін құрылысты жүргізгендерге әкімшілік шара қолданылып, оларды жою мақсатында ұсыныс бреліген болатын. Сол ұсынысты орындамағандықтан басқармамен ауданаралық сотқа талап арыз жолданған болатын.
Сондай-ақ, Алматының Еременсай шағын ауданындағы тау бөктерінде салынып жатқан элиталық үй кешенінің де бір қабаты бұзылады. Құрылысқа тапсырыс беруші эскиздік жобада 2 қабатты жеке үйді көрсетіп, шын мәнінде 3 қабатты көппәтерлі үй тұрғызбақ болған. Жалпы, жыл басынан мегаполисте заңсыз салынып жатқан 36 нысан анықталды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03