Ақтауда 500 адам спорттық сайыста бақ сынады
Ақтауда «Tartyl Fest» спорт фестивалі өтті. Жарыс- бұқаралық спортты дамытып, жастарды дене шынықтыруға баулу мақсатында ұйымдастырылды. 9 санат бойынша 500-ге жуық адам турникке тартылып, күштерін сынады Әсіресе Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен қала маңындағы ауыл тұрғындары белсенділік танытты. Нәтижесінде қатысушылардың бірі белтемірде 45 рет тартылып, рекорд орнатты. Бұған дейінгі көрсеткіш-41 болатын. Фестиваль қорытындысында 27 жеңімпаз анықталып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, оларға күзде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға жолдама берілді.
Нұрлан Қоянбаев, «Дара» қорының басшысы:
Бұқаралық спортты қолдау үшін, турникке тартылуды бастадық. Енді 11 қала қалды. Алдында біз ойлағанбыз турникке адам аз қатысатын шығар деп жоқ қалаларда қатысушылар өте көп. Біздің мақсатымыз жарыс ұйымдастыру емес, мереке жасау және де орта қалыптастыру.
Талғат сазанбаев, Түпқараған ауданының тұрғыны:
1 ай бұрын естігем тартыл фест болатынын. Соған дайындалатын уақыт аздау болып қалды өкінішке қарай, өз деңгейімнен аз тартылып қалдым. Атмосфера күшті, барлығы керемет болып жатыр. Жеркіншектерге, жасөспірімдерге жақсы мотивация деп ойлаймын.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53