Шығыстағы Самар ауданында 42 гектар аумақ отқа оранды
Шығыстағы Самар ауданында Сарыбел ауылының аумағында шабындық алқап өртеніп жатыр. Өрт тамыздың бесі күні тұтанған. Бүгінге дейін 40 гектардан астам аумақ күлге айналды. Дәл қазіргі жағдайды тілшіміз Олжас Керейханнан білсек.
Олжас Керейхан, тілші:
Дала өртінің неден болғаны әлі анықталған жоқ. Биыл ала жаздай жауын жаумаған. Дала да, қала да қурап тұр. Сарыбел ауылының аумағында дала өрт әлі сөндірілмеді. Тілсіз жаумен күреске облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органнан техника мен мамандар жұмылды. Жалпы саны 10-нан аса техника мен 100-ден аса адам жүр. Негізінен таулы қиын беткей өртеніп жатқандықтан оған жету қиынға соққан. Тіпті жол талғамайтын арнайы техника да бара алмай жатыр. Сондықтан мамандар жаяу-жалпы жетіп, қолмен сөндіруге мәжбүр.
Біздегі мәліметке сенсек ауылдарға ешбір қауіп жоқ. Орман да аман. Ал Төтенше жағдайлар департементінің мамандары бүгін алапат өрттің беті қайтқанын айтады. Кешеден бері жекелеген ошақтар да ғана қалған. Егер қатты жел болмаса бүгін толық сөндіреледі деген болжам бар. Шығыста көктеммен бері 56 рет дала өрті болса 27 рет орман өртенген. Жалпы 1700 гектар жер жанып кетті.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15