Ақтауда 33-шағын ауданның тұрғындары мектеп салып беруді сұрайды
Ақтауда 33-шағын ауданның тұрғындары мектеп салып беруді сұрайды. Жалпы білім беретін білім ошағы болмағандықтан, 3 мыңға жуық бала қаладағы мектептерге қатынап оқуға мәжбүр. Ал, білім басқармасындағылар алдағы 3 жылда жаңадан 44 білім беру мекемесі салынатынын айтады. Бүгінде облыс бойынша 40-қа жуық мектепте орын тапшы. Былтыр 18 білім ошағында оқушылар 3 ауысыммен оқыды. Жаңа оқу жылында Ақтаудағы 31-ші шағын ауданда 1200 орындық, Мұнайлы ауданында 600 орындық мектеп пайдалануға берілмек.
Құрманғали Құлқаев, Ақтау қаласының тұрғыны:
34-мектепке балаларымызды тасимыз. Жұмысқа кеткен уақытта жаяу барады. Мына жолдан өту қиын. 3 мезгіл ауысым. 25-тен көп бір класста, мысалы, қарап отырсаң. Мына жерге мектеп салса, мына 33-тің өзі толтырады осы мектепті.
Клара Құлатаева, Маңғыстау облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:
2025 жылға дейін барлық Ақтау қаласында ашылады-ау деген шағын аудандарға мектеп салу жоспарға енгізілді. Енді әрі қарай уақыттың еншісінде. Республикалық бюджеттен, жекеменшік инвесторлардың тарапынан қаржы бөлінген жағдайда, жерлері де белгіленіп бөлінді. Осыған байланысты мектептер құрылысы жүретін болады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15