Шымкентте Сурдлимпиада ойындарының спартакиадасы басталды
Құлағы естімейтін кәсіби спортшылардың сайысы елімізде осымен үшінші рет жалауын көтерді. Жарыс қатысушылары бәсекеде спорттың 11 түрі бойынша күш сынасып жатыр.
Хайратхаан Шонку - биыл Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарының чемпионы. Мүмкіндігінің шектеулі болғанына қарамастан грек-рим, еркін күреспен шұғылданып спортта биік белестерді бағындырып келеді.
Хайратхаан Шонку, Сурдлимпиада ойындарының чемпионы:
Біз спорт арқылы адам баласының қабілеті мен мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдеп келеміз. Бұл тұрғыда мемлекет бізге үлкен қолдау көрсетуде. Осындай әрбір бәсеке біздің спорттық бабымызды шыңдап, әрі қарайғы жеңістерге құлшындыра түседі.
Бұл жолғы спартакиадаға Хайратхаан секілді мыңға тарта спортшы қатысуда. Олар таэквандо, дзюдо, еркін күрес пен грек рим күресі бойынша татамиде өзара белдеседі. Қол күресінде білектілерді анықтап, суда жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі бойынша ептіліктерін сынға салмақ. Сондай-ақ бадминтон, дойбы мен футбол ойнап, жарысады. Спартакиада 5 күнге созылады.
Самат Ерғалиев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитетінің төрағасы:
Сурлимпиада спортшыларымыз басқа спорт түрлерінен шектеліп қалған жоқ. Мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Мемлекетіміз бойынша 10 мыңна астам спортшы осы спорт түрімен айналысады.
Биылғы Сурлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары 28 медаль еншіледі. Оның үшеуі алтын, 7-еуі күміс. Осы әлемдік доданың жүлдегерлері қатарында шымкенттік спортшылар да бар. Еркін күрестен Рысалы Сабыржан күмістен алқа тақса, Пернеш Шадияр 5 орын алып, ел мейрейін тасытты.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13