Елордада «Өмір ағашы» монументі тұрғызылады
Елордада тағы бір жаңа саябақ салынады. Көк желекті отырғызу - елімізде өтетін әлемдік ауқымды шара аясына жоспарланып отыр. Діндер сьезіне келетін делегация басшылары-- осы саябақта көшет отырғызбақ.
Дархан Рахымжан, тілші:
Бұл елордадағы Президент саябағы, Есіл өзенінің жағалауы. Дәл осы маңда елімізде өтетін әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің 7 ші сьезіне орайластырылған, еліміздегі ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді білдіретін «Өмір ағашы» монументінің іргетасы қаланады. Құрылыс күмбез түрінде жасалады, оның ортасына жапырақты ағаш – емен ағашын орналастыру жоспарланған. Ағаш спиральмен және үйлесімді субұрқақпен қоршалады. Автор идеясына сәйкес, ғасырлар бойы тамыры тереңде жатқан су мен өмір ағашы жер бетіндегі тіршіліктің нақты бейнесін айшықтайды. Осылайша, инсталляция барлық конфессиялардың келісімге, бейбітшілік пен достыққа шақыруын білдіреді. «Күмбез өз кезегінде бір аспан астындағы әлемді бейнелейді. Онда 4 негізгі нүктені – Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығысты білдіретін 4 кіру аймағы болады» дейді урбанистика орталығының мамандары. Дәл қазір менің жанымда урбанистика орталығының өкілі, Ардақ мырза бар. Монументтің қасына неше ағаш отырғызылады?
Ардақ Бұхарбеков, Нұр-Сұлтан қалалық урбанистика орталығының қызметкері:
Бұл жерге 60-қа жуық ағаш отырғызылады. Емен ағаштары. Монументтің маңы түгел саябақ болады. Балаларға айналған ойын алаңдары, субұрқақ, спорттық жабдықтар қойылады. Жалпы елордалықтар үшін жаңа демалыс аймағанына айналады. Келесі жылдың жазында аяқтау жоспарда тұр.
Дін лидерлерінің сьезіне келген делегация өкілдері осы саябақтағы «Өмір ағашының» капсуласын салуға және ағаш отырғызу шарасына қатысады деп жоспарланып отыр.
Дархан Рахымжан, Дәулетбек Әбдірахманов, Ұлттық Арна
Автор
Дархан Рахымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08