Президент «CLAAS Group» компаниясы бақылау кеңесінің төрағасымен кездесті
Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту қажет. Мемлекет басшысы «CLAAS Group» компаниясы бақылау кеңесінің төрағасымен кездесуде осы мәселеге басымдық берді. Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейту жөніндегі жоспарларын айтты. Компания былтыр Петропавлда комбайндарды, тракторларды, егіс кешендерін және астық жинау машиналарын құрастыратын зауытты іске қосты. Бүгінге дейін өнімділігі жоғары комбайндарды қосқанда 400-ден аса техника құрастырылды. Кездесуде ынтымақтастықтың дамуына оң баға берілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді
07.08.2026, 11:24
Елде нәресте өлімі азайды
07.08.2026, 10:08
Туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
07.08.2026, 10:08
Қызмет экспорты 12,8 миллиард долларға ұлғайды
07.08.2026, 10:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Фиджитал-би бойынша үздіктер анықталып жатыр
07.08.2026, 10:05
Құс еті мен тауық жұмыртқасын өндіру қарқын алды
07.08.2026, 10:05
Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 10:05
Иран кеме қатынасы ережесін қайта қарастырмақ
07.08.2026, 10:04