Туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
Елімізде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жыл сайын жақсарып келеді. Кейінгі 10 жылда аурудың таралуы 51,7, ал өлім-жітім 73 пайызға азайған. Бұл – алдын алу шаралары мен ерте диагностика жасаудың және заманауи емдеу тәсілдерінің жемісі. Бүгінде туберкулезді анықтау үшін молекулалық-генетикалық әдіс қолданылады. Ал қазіргі препараттардың арқасында науқастар кемі жарты жылда аурудан айыға алады. Айта кетейік, Қазақстанда туберкулезді анықтау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Мәлік Әденов, ҚР Бас фтизиопульмонологы, ұлттық фтизиопульмонология орталығының директоры:
Қазіргі кезде біз иньекциялық дәрілерден толық бас тарттық. Науқасқа ыңғайлы таблетка түрінде беріледі. Екіншіден, 1 таблеткада 3-4 дәрі қалыптастырылған. Ол ішетін таблеткалардың санын азайтады, науқасқа ыңғайлы. Үшіншіден, жаңа дәрілердің арқасында емдеу мерзімі едәуір қысқарды. Бұрын 36 ай емделетіндер қазір 24 айда емделеді. 24 айда емделетіндер қазір 9 айда емделеді.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15