Қызылордада заңсыз ойын бизнесі тыйылмай тұр
Қызылордада заңсыз ойын бизнесі тыйылмай тұр. Жыл басынан бері экономикалық тергеу департаменті өкілдерінің араласуымен 12 ойынхана жабылды. Жетеуі соңғы екі айда анықталған. Бүгінде 3 дерек бойынша сот үкімі шықты. Жасырын құмар ойын ұйымдастырған үш адамға 4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. 80 компьютер, бәс тігетін рулетка құрылғысы мен 1 миллион теңгеден астам ақша мемлекет есебіне тәркіленді. Заңсыз ойынханалардың барлығы жеке тұрғын үй секторынан анықталған. Мамандар нысанды жалға беруші пәтер иелерінің де жауапқа тартылатынын ескертеді.
Бахыт Орданова, Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бас маманы:
Заңсыз ойын үшін өзінің ғимаратын жалға берген азаматтар да негізі жауапқа тартылуға тиіс. Бірінші жағдайда оларға ескерту жасалады. Осы үш орын бойынша да ескерту жасалды. Егер келесі жолы да осындай ерекет жасаса ол кісілерге де қылмыстық жауапкершілік бар.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15