Елордада жалпы республикалық кітап фестивалі басталды
«Кітаптайм» жобасы ел бойынша және елорда төрінде де өтіп жатыр.
Дархан Рахымжан, тілші:
Бүгін зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар және жай ғана кітапқұмар жандар, көзі қарақты оқырмандар, елордадағы ұлттық кітапхананың маңына жиналып жатыр. Себебі бүгін «Кітаптайм» жалпыреспубликалық фестивалі өтуде. Руханият мерекесі кітапхананың осы кіреберісінен басталып кетеді. Бұл жерде отандық баспалардың және шет елдер елшілігінің, сондай-ақ қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Жоба аясында күні бойы түрлі іс-шаралар жоспарланған. «Әр қазаққа – бір кітап» деген атаумен «Отандастар» қоры шетелде тұратын қазақтарға кітап тарату акциясын өткізіп жатыр. Ал «Ғажайып сәт» айдары аясында оқырмандар өздерінің сүйікті ақын-жазушыларымен кездесе алады. «Сөз қуаты» бөлімінде белгілі журналистермен сұхбат ұйымдастырылған. Сондай-ақ кітапты таңдай білу, зейін қою, тез оқып үйрену үшін мастер-клас өткізіледі. Себебі бұл жобаның мақсаты да сол, оқырманның көркем әдебиетке деген ықылассын одан әрі арттыру және кітапты бренд қылу дейді ұйымдастырушылар:
Нұржан Жолдыбалинов, ҚР ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары:
Бұл іс-шара бүкіл еліміздің әр түкпіріндегі көпшілік кітапханаларда өтіп жатыр. Бүгінгі көрсеткішпен 72 кітапхана бүкіл республика бойынша өткізіп жатыр. Бұл іс-шара сағат 10 нан кешкі 18:00-ге дейін өткізіледі. Біз мұндай шараны жиі өткіземіз деп мақсат қойып отырмыз.
Дархан Рахымжан, тілші:
Сондай-ақ екі бөлімнен тұратын поэзия-пати, автограф-тайм айдарының аясында оқырман өлең оқып, қаламгерлердің қолтаңбасын ала алады. Бұл маңда интерактивті аймақ та бар. Шахмат, тоғызқұмалақ, бестас ойындарынан оқырмандар арасында жарыс ұйымдастырылған. Шара бүгін күні бойы жалғасады.
Автор
Дархан Рахымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08