Ұлттық Ұланның насихат тобы қарттар үйінде кездесу өткізді
Ішікі істер министрлігіне қарасты Ұлттық Ұланның насихат тобы Өскеменде бірнеше кездесу өткізді. Глубокое ауданындағы қарттар үйінде болған азаматтар Президент жолдауында айтылған міндеттер туралы әңгімеледі. Бұл мекемеде 120 қария тұрып жатыр. Оларды әсіресе, әлеуметтік салада іске асатын реформалар қызықтырады. Аға буын өкілдері мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлық арта түсеріне қуанып отыр. Келушілер Ішкі істер министрі мен Ұлттық ұланның бас қолбасшысы атынан қарттар күнімен құттықтап, мұндағы тұрғындарға сый-сыяпат көрсетті. Ұлттық ұланның әншілері шағын концерт қойды. Бұған дейін 8 қаланы аралаған насихат тобы еліміздің барлық өңірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18