Президенттікке алғашқы үміткерді «Ауыл» партиясы ұсынды
Қазақстан Республикасының Президенттігіне алғашқы үміткерді аграрилер ұсынды. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезінде Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы мақұлданды. Өз кезегінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы ауыл шаруашылығының хал-ахуалын жақсартып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты қордаланған мәселелерді шешу үшін еңбектенетінін айтты. Сонымен қатар Қазақстанның аграрлық саладағы потенциалын толық ашуға уәде берді.
Жигули Дайрабаев, ҚР Президенттігіне үміткер:
Ауылдың қамын ойлаймын деп шулап жүргендердің арасында ауылдың шын жанашыры жоқтың қасы. Олар жерде жұмыс істейтін адамдардың мүддесін емес, жеке өз пайдасы мен қалтасын ойлап жүрген азаматтар екенін көріп тұрмыз. Нәтижесінде қарапайым шаруа өз мәселесімен өзі арпалысуға мәжбүр. Сондықтан бұл жағдайда «Ауыл» партиясы өз қызметін барынша жандандырып, ауыл өнеркәсібінде болып жатқан барлық бастамаларға бас болуы керек. Бұл ұстаным осы сайлау және алдағы парламент сайлауында негізгі бағытымыз болуы тиіс. Бұл менің президент үміткері ретіндегі басты миссиям.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
12.12.2025, 20:56
Ақмола облысында жыл басынан бері 1 трлн теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді
12.12.2025, 20:53
Ұлттық комиссия кәсіпкер әйелдерді қолдау шараларын күшейтеді
12.12.2025, 20:51
Мүгедектігі бар 522 мыңнан аса азаматқа керек құрал тегін берілді
12.12.2025, 20:48
Астаналық кәсіпкер дүкенін 4 мың көк шар және 1000 тумен безендірген
12.12.2025, 20:46
Мемлекеттік кірістер жүйесінде калькулятор фунциясы қосылады
12.12.2025, 20:44
Пойыздағы улану оқиғасы: Жансақтау бөліміндегі екі бала бөлімшеге ауыстырылды
12.12.2025, 20:15
Астанадағы дәмханалардың бірінде болған жарылысқа қатысты сараптама жұмыстары басталды
12.12.2025, 20:12