Қарағандылық еңбек адамдары марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының бірқатар азаматтарын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Үстел теннисі жаттықтырушы-оқытушы Эльмира Әлиева және «Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының» бөлімше меңгерушісі Евгений Морозов «Құрмет» орденімен, «Арселор Миттал Теміртау» цехының бастығы Алексей Берг III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Сондай-ақ «Тентек» шахтасының учаске бастығы Артём Қасымовқа, «Горный» учаскесінің машинисі Александр Владимирович Комардаға, «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» Қоғамдық Бірлестігінің басшысы Ләззат Қожахметоваға «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.
Ләззат Қожахметова, «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ басшысы:
Әр ананың арманы-өз баласының бейбіт елде өмір сүруі. Мен сол себепті Қазақстандағы барлық аналарды, жалпы халықты біздің қоғамдағы тыныштықты қадірлеуге, бірлікте болуға шақырамын. Себебі біздің қазіргі бірлігіміз – балаларымыздың бейбіт өмірінің кепілі. Дәл осы марапатты сіздің ана мен балаға көрсеткен құрметіңіз деп қабылдаймын.
Дархан Рақымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12